Александр Шевченко "Мастерстің" екінші айналымына шықты

Александр Шевченко "Мастерстің" екінші айналымына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2024 19:40 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Шанхайдағы (Қытай) "Мастерс" турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шевченко бірінші айналымда үндістандық Рамкумар Раманатанды екі сетте – 6:1, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Ол екінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Черундоломен кездеседі.

Іріктеу кезеңі арқылы "Мастерстің" негізгі кезеңіне жолдама алған қазақстандық Бейбіт Жұқаев бірінші айналымда әлемнің 69-ракеткасы, ресейлік Роман Сафиулиннен 6:7 (0:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: