Александр Шевченко Шанхайдағы турнирдің үшінші айналымына шықты

Александр Шевченко, Шанхай, АТР 1000, үшінші айналым , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2024 13:58 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтингте 58-ші орында тұрған отандасымыз әлемнің 31-ші ракеткасы, аргентиналық Франсиско Серундоломен кездесті.

Шевченко екі сетте басым болды. Есеп: 7:6 (9:7), 7:5.

Кездесу 1 сағат 51 минутқа созылды. 

Осылайша Қазақстанның екінші ракеткасы турнирдің үшінші айналымына жол тартты. Енді ол әлемдік рейтингте 65-ші орында тұрған чех тенисшісі Якуб Меньшиковпен өзара бақ сынасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: