Данилина мен Хромачева жұбы Ухандағы WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды

Данилина мен Хромачева жұбы, Ухандағы WTA-1000 турнирі, чемпион , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2024 14:28 Сурет: WTA
Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен Ресей өкілі Ирина Хромачева жұбы Ухандағы WTA-1000 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы ойында олар америкалық жұп - Джессика Пегула / Айша Мұхаммедті екі сетте 6:3, 7:6 (8:6) ұпаймен жеңді.

Кездесу 1 сағат 37 минутқа созылды.

Бұл - WTA турнирлерінде Данилина мен Хромачева жұбының үшінші рет қол жеткізген атағы. Екі теннисші де WTA-1000 санатындағы жұптық жарыста бірінші рет жеңіске жетті. Бұған дейін Арина Соболенко Кори Гауффты жеңіп, финалға шыққаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: