Әмір Омарханов ATP 250 Almaty Open турниріндегі тартысты матчта жеңіліп қалды
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның оңтүстік астанасында ATP 250 Almaty Open турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 жастағы Әмір Омарханов (1036 ATP) іріктеу кезеңінің бірінші айналымында wild card алған, әлемнің бұрынғы 21-ракеткасы ұлыбританиялық Дэниел Эванстан (170 ATP) 4:6, 2:6 есебімен жеңілді.
"Матчты тәп-тәуір ойнадым, бірінші сетте аздап қобалжыдым, мүмкін осы әсер еткен шығар. Қарсыласым ертерек брейк жасады, содан кейін менде кері брейк жасауға жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ ол нәтижелі бола қоймады. Өз еліңде, өз жанкүйерлеріңнің алдында ойнау зор мәртебе болды. Жыл соңына дейін жасөспірімдер арасындағы бірнеше турнирге қатысуды жоспарлап отырмын. Келесі маусымға келсек, жасөспірімдер арасындағы "Үлкен дулыға" турнирлері мен J300 санатынан жоғары жарыстарда ойнаймын, сонымен қатар ересектер турында өзімді сынап көремін, ATP рейтингінде ұпай жинаймын, "Фьючерс" және "Челленджерлерде" ойнаймын", - деді Әмір Омарханов матчтан кейінгі баспасөз конференциясында.
Айта кетейік, бүгін Алматыда Almaty Open АТР 250 турнирінің іріктеу сайыстары өтіп жатыр. Матчтар сағат 10.00-де Almaty Arena корттарында басталды.
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет. Қазақстанның "RG Gold" алтын өндіру компаниясы.
Серіктестік материал
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript