Бейбіт Жұқаев ATP 250 Almaty Open турнирінің екінші айналымына шықты
Сурет: ktf.kz
Бейбіт Жұқаев (213 ATP) ATP 250 Almaty Open турнирінің алғашқы айналымында ливандық Бенджамин Хассанмен (245 ATP) кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:1 есебімен оп-оңай жеңді.
Матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Қазақстандық теннисші сегіз эйс жасап, екі қос қате жіберді, сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Жұқаев екінші айналымда Тимофей Скатов (Қазақстан) - Томаш Махач (Чехия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript