Бейбіт Жұқаев Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңіндегі өнерін аяқтады

Бейбіт Жұқаев Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңіндегі өнерін аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2026 16:49 Сурет: ktf.kz
17 қазанда Алматыда ATP 250 санатындағы халықаралық Almaty Open теннис турнирінің іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев іріктеу жарысының бірінші айналымында өнер көрсетті.

ATP әлемдік рейтингінде 503-орында тұрған 25 жастағы қазақстандық теннисші ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуын (wild card) алып, іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Бірінші айналымда Жұқаевтың қарсыласы әлемдік рейтингте 98-орында тұрған және іріктеу кезеңінде екінші нөмірмен тіркелген австралиялық Адам Уолтон болды.Кездесу австралиялық теннисшінің пайдасына 6:1, 7:5 есебімен аяқталды.

Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.Ойын барысында Жұқаев 13 эйс жасап, үш қос қателік жіберді және бірінші доп берудегі ұпайлардың 69 пайызын жеңіп алды.

Сонымен қатар қазақстандық теннисші үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.Осылайша, Бейбіт Жұқаев Almaty Open ATP 250 турниріндегі өнерін аяқтап, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: