Бокстан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы шаршы алаңға қайта оралмақ

Бокстан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы шаршы алаңға қайта оралмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2024 10:16 Сурет: Mitchell Leff / Getty Images
Бокстан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы кубалық Гильермо Ригондо 12 қарашада АҚШ-та жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz ақпараты бойынша, екі дүркін Олимпиада чемпионы, сондай-ақ бұрынғы әлем чемпионы, 44 жастағы кубалық Гильермо Ригондо 12 қарашада Майамиде (АҚШ) жекпе-жек өткізеді.

Онда ол WBO European және WBC International титулдарының иегері румындық Ионуц Балуцемен жартылай жеңіл дивизион аясында 10 раундтық кездесу жасайды.

Айта кетейік, Ригондо шаршы алаңнан бір жарым жылдық үзіліс алған болатын. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың маусымында өтті, онда ол филиппиндік Чарли Клементе-Андиноны жетінші раундта нокаутпен жеңді.

Ригондо бүгінгі күнге дейін жалпы саны 25 жекпе-жек өткізді. Оның 22-сін жеңіспен (15 нокаут), 3-уін жеңіліспен аяқтады.

Бұған дейін бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жастар командасының құрамы анықталғаны белгілі болды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: