Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 11:01 Сурет: Telegram/boxing_kazakhstan
Будва қаласында (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Әзірге ел спортшыларының бастамасы табысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, үшінші сессияның бірінші жекпе-жегінде рингке Толғанай Қасымбай шықты. Оның қарсыласы венесуэлалық Леон Мена болды.

Жалпы, жекпе-жек біржақты өтті. Толғанай күш басымдылығынан әлдеқайда алда болды. Барлық кедергілерді еңсеріп, төрешілердің бірауыздан шешімімен сенімді жеңіске жетті.

Бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан командасы жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: