Грек-рим күресінен Қазақстан командасы жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы жастар арасындағы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 09:40 Сурет: ҰОК
Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Албанияның Тиран қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы чемпионатты аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰОК ақпаратынша, құрама атынан кілемге соңғы болып шыққан Бағлан Қуаныш болды. 87 келіге дейінгі салмақтағы спортшының қола алуға мүмкіндігі болған еді.

Алайда жұбаныш айналымының бірінші жекпе-жегінде ол түркиялық қарсыласы Самет Ялдыраннан жеңілді – 2-3.

Осылайша, біздің «классик» балуандар әлем чемпионатынын жүлдесіз аяқтады.

Бұған дейін кәcіпқой боксшы Әбілхан Аманқұлдың ұлттық құрамаға оралғаны хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: