Омар Сатаев грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Сурет: olympic.kz
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Омар Сатаев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үшінші орын үшін өткен белдесуде бельгиялық Ибрагим Табаевты 10:8 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанса, Мерей Мәулетханов қола медальға ие болған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript