Батырхан Төлеуғали таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
Сурет: olympic.kz
Таеквондодан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Батырхан Төлеуғали әлем чемпионы атанды.
Қазақстандық спортшы 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шықты.
Финалда Төлеуғали ирандық Мохаммад Ализадені жеңді.
Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір үш жүлде бар. Бұған дейін Бейбарыс Қаблан чемпион атанса, Темірлан Тілеулес қола медаль иеленген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript