Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 500 метр қашықтықта топ жарған спортшы 1500 метрлік бәсекеде де жеңіске жетті.
Шумекова 1:56.06 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Бұл - қазақстандық спортшының жаңа жеке рекорды.
Күміс жүлдені 1:56.36 уақыт нәтижесімен Аустрия өкілі Джанин Роснер иеленсе, жапониялық Аяно Сэкигучи 1:57.97 уақыт көрсеткішімен үшінші орынға тұрақтады.
Анастасия Беловодова 13-нәтиже көрсетті, Алина Шумекова 28-орын алса, Варвара Глухова 32-сатыға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін Шумекова әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта жеке рекордын жаңартып, жеңіске жеткен еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript