Жасөспірімдер арасындағы АЧ: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы, семсерлесу, қола медаль, жасөспірімдер, АЧ-2026, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2026 22:17 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, отандастарымыз семсерлесуден командалық сайыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Аталған сында Қазақстан намысын Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Яков Федотов, Нариман Уәлихан қорғады.

Турнир барысында қазақстандық семсерлесушілер Жаңа Зеландияны (45:31) және Өзбекстанды (44:33) жеңді.

Жартылай финалда ұлттық құрама Гонконгқа (37:45) жол беріп, нәтижесінде жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Бұған дейін Германияда Қазақстан спортшысы бір күнде екі алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: