Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин бокстан алғаш рет өтіп жатқан U19 әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты

Бокс, Генадий Головкин, АҚШ, U19 әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 15:58 Сурет: ҰОК
Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан алғаш рет өтіп жатқан U19 әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.


Шарада сөз алған Геннадий Головкин әлем біріншілігінің маңызына тоқталып, аталған дода спорттағы жаңа дарындардың жұлдызын жағуға көмектесетін алаң ғана емес, сонымен бірге түрлі елден келген жас боксшылардың бірлігі мен достығының белгісіне айналатынына сенімді екенін жеткізді. 

Айта кетелік, әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын мына жігіттер қорғайды:

  • Ерасыл Аманғалиев (55 келіге дейінгі салмақта),
  • Асылхан Көшербай (65 келіге дейінгі салмақта),
  • Диас Серікұлы (70 келіге дейінгі салмақта),
  • Даниял Райымбеков (85 келіге дейінгі салмақта) қорғайды.
Бокс, АҚШ,  U19 әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 15:58

Сурет: ҰОК

Алғашқы болып рингке Диас Серікұлы шықты. Ол Алжир командасының өкілі Ислам Дахлалды жеңді.

Еске салсақ, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған Халықаралық бокс федерациясы. Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан аталған ұйымға кіру үшін өтініш берді. 

Бұған дейін Геннадий Головкин World Boxing Олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметіне тағайындалған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: