Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин Италияда қазақстандық боксшылармен кездесті

Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2024 15:11 Сурет: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі
Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Бусто-Арсициода бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер командасымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшылар Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысып жатыр.

Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Италияға  арнайы барып, бүгін бейресми жағдайда спортшылармен кездесті. Ол іріктеу турнирінің ең жауапты кезеңі алдында өз кеңесін бөлісіп, қолдауын көрсетті.

"Мен мұнда біздің командамызға қолдау көрсету үшін келдім. Мен де кезінде сіздердің  орныңызда болған қарапайым адам екенімді  көргендеріңізді  қаладым. Қазір әрқайсыңызда  үлкен жауапкершілік тұр. Міне,  осының бәрін қабылдай білу қажет. Шаршы алаңда үш раунд бойы бар күшті салып, мүмкіндікті  жібермеу керек. Қазақ бокс мектебі әлемдегі ең мықты мектеп саналады. Сондықтан бізге бұл дәстүрді жалғастыру үшін аянбау керектігін ұмытпайық. Біз бәріміз бір командамыз! Мен үнемі сөздермен біргемін, әрдайым қолдауға  дайынмын", - деді Головкин бапкерлер мен боксшылар қауымына.

Ол командалық рухты жоғалтпай, әрдайым ауызбіршілікте болып, бір-біріне  қолдау көрсетіп, Қазақстан намысын абыроймен қорғауға тілектестік білдірді.

"Бізге қолдау көрсетіп, рухымызды көтергеніңіз  үшін алғысымыз шексіз. Сізді көргеніміз үшін шын жүректен қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз бір - еліміз үшін лицензия алу. Алдағы  басты мақсатымыз айқын, қолымыздан  келгенше аянып қалмаймыз", - деді ерлер командасының капитаны Асланбек Шымбергенов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: