Дэвис кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлемнің төрт дүркін чемпионын ұтты
В тобында соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы (1992, 1993, 1996, 2005 жылдар) Францияны ұтты.
Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак бірінші ойынға Даниэль Тазабековті шығарды. Ол аттасы Даниэль Жадқа есе жіберді — 4:6, 4:6.
Екінші болып кортқа өз елінің бірінші ракеткалары Заңғар Нұрланұлы мен Муаз Куаме шықты. Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 52-орында тұрған Куаме бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Есесіне Заңғар камбэк жасай білді — 6:3, 6:1.
Жұптық, шешуші бәсекеде Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Даниэль Жад — Фердинан Ливе Новкиришканы бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде тас-талқан етіп жеңді — 6:0, 6; 3.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тобынан бірінші орынмен ширек финалға шықты.Оның келесі қарсыласы Жапония.
Қазақстан құрамаларының демеушілері — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры.
Серіктес материалы