Дэвис кубогының іріктеу турнирі: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға шықты

Шымкентте теннистен Дэвис кубогының жасөспірімдер арасындағы Asia/Oceania аймағы бойынша іріктеу турнирінің топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисшілер алдымен Жаңа Зеландияны, кейін Иранды жеңді. D тобындағы соңғы ойында біздің команда Қытайға есе жіберді.
Нәтижесінде, құрамамыз 1/4 финалға жолдама алды. Жеребе қорытындысы бойынша 22 мамырда ширек финалда Қазақстан құрамасы Жапонияға қарсы ойнайды.
Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне өту үшін іріктеу кезеңінде міндетті түрде жартылай финалға шығу қажет.
1/4 финалдың басқа жұптары:
- Аустралия – Қытай;
- Қытай Тайбэйі – Өзбекстан;
- Оңтүстік Корея – Гонконг.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript