Кәріс футболшысын кекетемін деп "Тоттенхэм" ойыншысы қомақты айыппұл арқалады
Сурет: Instagram/rodrigo_bentancur
Ағылшынның "Тоттенхэм" және Уругвай құрамасының жартылай қорғаушысы Родриго Бентанкур өз клубындағы оңтүстік кореялық әріптесі Сон Хын Минді әжуалағаны үшін жеті матчқа шеттетіліп, 100 мың фунт айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Англия футбол қауымдастығының (FA) баспасөз қызметі хабарлағандай, уругвайлықтың әзілі нәсілшілдік алауыздық бабымен бағаланған.
27 жастағы Бетанкурт АПЛ-дың алты матчына, сондай-ақ ағылшын футбол лигасы кубогының ширек финалына қатыспайтын болды. Бірақ бұл шешім Еурокубок ойындарын қамтымайды.
"Тоттенхэм Хотспурдың" жартылай қорғаушысы FA E3.1 ережесін бұзды, орынсыз әрекет етіп өзгені қорлайтын, балағат сөздер айтты, солайша ол футболдың беделіне нұқсан келтірді. Бұл ереже этникалық шығу тегін мазақ ету жағдайларын да қамтиды". Fa мәлімдемесі
Родриго тек 26 желтоқсанда ғана құрама сапына орала алады. Алайда, бұл шеттету УЕФА Еуропа лигасының матчтарына қатысты қолданылмайды. Ол кезде Тоттенхэм 28 қарашада өз алаңында итальяндық Ромамен ойнайды.
Сонымен қатар, уругвайлық 12 желтоқсанда Глазго Рейнджерспен (Шотландия) арада өтетін матчта алаңға шыға алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript