Дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында Қазақстан бірінші орынға ие болды

Дзюдодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жарыста қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Алтын медаль алғандар:
- Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі);
- Расул Мұқым (-81 келі).
Күміс медаль алғандар:
- Әсел Русланова (-48 келі),
- Даниял Сейілхан (-50 келі),
- Алтынбек Қонысбай (-60 келі).
Қола медаль алғандар:
- Нұрдос Досберген (-60 келі),
- Марғұлан Игілік (-60 келі),
- Әділжан Жаудинов (+90 келі).
Айта кетейік, Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript