Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогының үздігі атанды

Дзюдо, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы, Анталия, Еуропа кубогы, І-орын, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2026 13:58 Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Түркия астанасында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы аталған жарыста өте табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күнге созылған жарыста қазақстандықтар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І-орынға ие болды.

Атап айтқанда, Бекарыс Құдайберген (-50 кг), Баубек Ахмет (-60 кг), Бекали Еркен (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг), Інжу Жұмажан (-57 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.

Сондай-ақ Расулхан Ғабит (-60 кг), Еркеназ Сембек (-57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг) күміс медаль иеленді.

Ал Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Ерік Үсенов (-66 кг), Нұралы Мәулетхан (-73 кг), Шыңғыс Қонысбек (-90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Адия Жұмахмет (-40 кг), Зере Талғатқызы (-48 кг) қоладан медаль тағынды.

Жасөспірімдер додасына 21 елден 550 дзюдошы қатысып, бақ сынады.

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Бұған дейін конькимен жүгіруші Надежда Морозова Нидерландтағы әлем чемпионатында үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: