Әмір Омарханов Мексикада өтіп жатқан беделді турнирде жартылай финалға шықты

Әмір Омарханов, теннис, Мексика, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2024 16:31 Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орындағы Әмір Омарханов Мерида (Мексика) өтіп жатқан бірінші санаттағы ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әмір турнирдің 1/4 финалында жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Бенджамин Вилаертті екі сет те 6:3, 6:3 есебімен таза жеңді.

Енді отандасымыз финалға шығу үшін жасөспірімдер арасындағы әлемнің 28-ракеткасы, франциялық Томас Фурелмен бақ сынасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: