Головкин Халықаралық Олимпиада комитетінің штаб-пәтеріне барды

Геннадий Головкин, Халықаралық Олимпиада комитеті, бас пәтері, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2024 14:13 Сурет: olympic.kz
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин және бас хатшы Әлімжан Ақаев ресми іс-сапармен Лозаннаға (Швейцария) барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан ҰОК басшылығы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) штаб-пәтерінде ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

Сапар барысында 2025 жылға дейін Олимпиадалық қозғалысты дамыту бағыттары, алдағы Олимпиада ойындарына дайындық пен оны өткізу мәселелері, сондай-ақ 2024 жылы Қазақстан ҰОК атқарған жұмыстардың қорытындылары талқыланды.


"Қазақстандық делегация алдағы жылдарға арналған негізгі жоспарлары, оның ішінде 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық бағдарламасымен бөлісті", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев ХОК мүшелерімен және ХОК Атқару комитетінің отырысына, сондай-ақ олимпиадалық саммитке қатысу үшін Лозаннаға келген басқа да халықаралық спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: