Бокстан АЧ-2024: Ұлжан тағы бір қола медаль "сыйлады", ал Виктория "алтынға" таласатын болды
Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Таиланд корольдігінің Чианг Май қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Виктория Графеева қарсыласын жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі, тай боксшысы Порнтип Буапамен жұдырық түйістірді.
Виктория бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раунда та нокдаун қайталанып, рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Тағы бір жерлесіміз Ұлжан Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта таилық Пунрави Руенроспен өзара бақ сынасты. Алайда төрешілер жергілікті боксшы басым деп есептеп, Ұлжан қола медальды місе тұтты.
Бұған дейін бокстан Азия чемпионатында тоғыз отандасымыз бүгін финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.
Жазира Орақбаев мен Әйгерім Сәттібаева қарсыластарынан жеңіліп, қола медаль иегерлері атанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript