Азия чемпионаты: Диас Молжігітов те финалға шықты

Азия чемпионаты: Диас Молжігітов те финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2024 17:43 Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Азия чемпионатында алтыншы боксшымыз алтын медальге таласатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диас Молжігітов 1/2 финалда Украина спортшысы Павла Илюшамен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен басым түсті.

Жекпе-жекте отандасымыздың көп соққысы дәл тиіп, өз еншісіне жеңісті жазды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшы Санжар ТәшкенбайМахмұд СабырханОразбек АсылқұловДулат Бекбауов және Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған едік.

Бүгін, 8 желтоқсанда бокстан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының он өкілі шаршы алаңға шығады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: