Бокстан АЧ-2024: Айбек Оралбай Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші "алтынды" салды

Айбек Оралбай, АЧ-2024, алтын медаль, бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 17:12 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Қазақстан құрамасының капитаны, аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай Чианг Май қаласында (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ақтық сында Айбек Қытай боксшысы Абудурешити Ремуланы айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5:0.  

Нәтижесінде Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионатында ел қоржынына төртінші "алтынды" салды.

11 желтоқсанда біздің боксшылар активінде барлығы тоғыз марапат бар: төрт алтын және бес күміс. Азия чемпиондары Махмұт Сабырхан (54 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (86 келіге дейін), Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін) және Айбек Оралбай (92 келіден жоғары) болды.

Күміс меадль Санжар Ташкенбайға (48 келіге дейін), Оразбек Асылқұловқа (57 келіге дейін), Дулат Бекбауовқа (67 келіге дейін), Абылайхан Жүсіповаке (71 келіге дейін) және Диас Молжігітовке (75 келіге дейін) бұйырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: