Қазақстан ITF сериясы турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Солапурда (Үндістан) ITF w35 сериялы турнирі өтуде. Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева үшінші айналым матчын (1/4 финал) жеке разрядта өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуде қазақстандық спортшы латвиялық Диана Марцинкевичті 6:0, 6:4 есебімен жеңді.
Ол 1/2 финалында Буняви Тамчайватпен (Тайланд) ойнайды.
Бұған дейін қазақстандық зілтеміршінің әлем чемпионы атанғаны хабарланған болатын. Ол 96 келіге дейінгі салмақта Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Нұрғис Әділетұлы 388 (174+214) келіні бағындырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript