Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың финалына шыға алмады

Жібек Құламбаева теннистен Солапур қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W35 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингте 924-орында тұрған таиландтық Буньяви Тамчайватпен кездесті.
Бірінші кезеңде Таиланд спортшысы айқын басымдылық танытты. Есеп - 6:1.
Екінші кезеңде Жібек 4:0 есебімен алға шықты. Алайда бұл басымдылықты ұстап тұра алмай, нәтижесінде 4:6 есебімен жол берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript