Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 07:52 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (әлемнің 337-ракеткасы) Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелді. Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 496-орында тұрған жапониялық Хироко Куватамен өткізді.

Жібек қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Оның 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады. Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 320-сатыға көтеріліп тұр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина командасымен, оның ішінде жаңа бапкерімен бірге Дубайда (БАӘ) жаңа маусымға дайындықты бастағанын жазған едік.

Ал Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасындағы алғашқы ракеткасы Әмір Омарханов 16 желтоқсанда ITF Juniors J500 Orange Bowl сериясындағы беделді жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: