Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2024 12:46 Сурет: instagram/kulambayevaa
Қазақстандық теннисші, әлемнің 427-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жібек ширек финалда әлемнің 249, жарыстың екінші ракеткасы, хорватиялық Тена Лукасты жарыстан шығарды. 

Матчты Лукас қарқынды бастады – 6:1. Бірақ бұдан кейін Құламбаева камбэк жасады – 7:5, 6:4.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды.

Осылайша, сенсация жасаған Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 350-ракеткасы, сербиялық Лола Радивоевичпен таласады.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде бірден 371-орынға көтеріліп тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: