Хоккейден Қазақстанның жастар командасы канадалықтарды ойсырата ұтты
Сурет: icehockey.kz
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (U20) әлем чемпионаты алдындағы соңғы матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хоккейден Қазақстан құрамасы Канадада жергілікті "Хоксбери Хоукс" жастар командасымен кездесті. Нәтижесінде қазақстандықтар 8:1 есебімен жеңіске жетті.
Дубль авторлары - Кирилл Ляпунов (16, 30 минут) және Әділ Бейсембаев (19, 24). Никита Ситников (35), Семен Симонов (46), Артур Гросс (48) және Асанәлі Русланұлы (52) бір-бірден шайба лақтырды.
Мұз айдынында ең нәтижелі өнер көрсеткен Ляпунов болды, ол қарсыластар қақпасына соғылған үш голға сәтті пас бере білді.
Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Германиядан жеңіліп қалған болатын. Әлем чемпионатында ұлттық команда 27 желтоқсанда Швециямен ойнайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript