Бибісара Асаубаева 2024 жылғы рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

Бибісара Асаубаева 2024 жылғы рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2024 14:40 Сурет: instagram.com/bibisarachess
29 желтоқсан күні таңертең Нью-Йоркте (АҚШ) шахматтың рапид түрінен әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижеге Бибісара Асаубаева қол жеткізді, ол сегізінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық әйелдер құрамасының көшбасшысы бірде-бір партияда  жеңілмей, қорытынды есепте 7,5 ұпай жинады. Асаубаева жарыстың соңғы күнінде армениялық Анна Саркисянды жеңді, сонымен қатар Цзюй Вэньцзюньмен (Қытай) және Турмунхийн Мунхзулмен (Моңғолия) тең түсті.

Осылайша, Бибісара америкалық рапид турнирін сегізінші орында аяқтады. Ал әлем чемпионы үндістандық Хампи Конеру (8,5 ұпай) атанды. Цзюй Вэньцзюнь күміс, ресейлік Катерина Лагно қола жүлдені иеленді.

Әйелдер құрамасының қалған өкілдері 2024 жылғы рапидтен әлем чемпионатын келесі орындарда аяқтады:

  • Меруерт Камалиденова (16);
  • Әмина Қайырбекова (34);
  • Алуа Нұрман (72);
  • Әсел Серікбай (80);
  • Ксения Балабаева (83);
  • Лия Құрманғалиева (84);
  • Эльназ Қалиахмет (86);
  • Зарина Нұрғалиева (87);
  • Аяулым Қалдарова (98);
  • Зейнеп Сұлтанбек (101).

Ал ерлер арасында жеңіс тұғырына тегіс ресейлік гроссмейстерлер шықты. Алтын жүлдені 18 жастағы Володар Мурзин жеңіп алса, одан кейінгі орындарды Александр Грищук пен Ян Непомнящий иеленді.

Қазақстандықтарға келсек, олар мұнда елеулі нәтижеге жете алмады:

  • Ринат Жұмабаев (62-орын);
  • Алдияр Аңсат (69);
  • Арыстан Исанжолов (87);
  • Қазыбек Нөгербек (109);
  • Арыстанбек Оразаев (118);
  • Әлішер Сүлейменов (129);
  • Марк Смирнов (133);
  • Эдгар Мамедов (143);
  • Рамазан Жалмаханов (171).
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: