Юлия Путинцева Australian Open алғашқы айналымында армениялық теннисшіні жеңді
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 41-орында тұрған армениялық Элина Аванесянмен өткізді.
Бірінші партияда армениялық теннисші сәттірек ойнады – 6:4. Екінші сетте Путинцева брейкпен алға кетті – 2:0. Бірақ сетке доп бергенде, Аванесян таразы басын теңестірді – 5:5. Дегенмен Юлия тағы бір брейк жасап, дегеніне жетті – 7:5. Үшінші, шешуші партияны да Путинцева брейкпен бастады – 2:0. Сосын тағы бір брейкпен есепті 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, есесін жіберген жоқ – 6:2.
Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін рейтингіде 204-сатыдағы қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқастырады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыққанын хабарлаған едік.