Australian Open: Әмір Омарханов жарысты сәтті бастады

17 жасар Әмір Омарханов теннистен жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде төртінші орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 45-ракеткасы, америкалық құрдасы Матис Фарзаммен өткізді.
Кездесу екі сетке созылып, отандасымыздың пайдасына шешілді – 7:6 (7:3), 7:6 (10:8).
Бұл - Әмір мен Матистің корттардағы алғашқы кездесуі.
Кеше Заңғар Нұрланұлы алғашқы ойынында жеңіске жетіп, екінші айналымға шыққан еді. Ол 1/16 финалда болгариялық Александр Васильевпен ойын өрнегін көрсететін болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript