Қазақстан еркін күрестен Гран-при турнирінде екі алтын медальға ие болды

Қазақстан еркін күрестен Гран-при турнирінде екі алтын медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 14:17 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова Францияның Ницца қаласында өткен Анри Деглан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш жарыста Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль иеленді. Бұл турнир спортшылар үшін жаңа маусымдағы алғашқы жарыс болды.

Айта кетейік, өткен жылы Гүлдана Бекеш жастар арасында Азия чемпионатында қола медаль еншілесе, Эльмира Сыздықова 2024 жылы ересектер арасында құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: