Әділет Алмат дзюдодан Австрияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын медаль иеленді
Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділет Алмат Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады, делінген Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Әділет Алмат ақтық сында әзірбайжандық Вусал Галандарзадемен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде қазақстандық балуан айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі жүлде бар. Бұған дейін Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript