Хорватиядағы Гран-при турнирі: дзюдошы Жанарыс Рахметқали да алтын медаль иеленді

Жанарыс Рахметқали, дзюдо, алтын медаль, Хорватия, Гран-при турнирі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 22:15 Сурет: olympic.kz
13 қыркүйекте Загребте дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің хабарлауынша, 66 келіде белдескен Жанарыс Рахметқали финалда британдық Майкл Фраерді қосымша уақытта жеңді. 

Осылайша, Рахметқали өз мансабында алғаш рет Гран- при алтынын иеленді.

Бұған дейін финалда 60 келі салмақта отандық балуан Шерзод Давлатов әзербайжандық Ахмад Юсифовты мерзімінен бұрын жеңіп, алтын медаль еншілеген болатын. Сондай-ақ 48 келі салмақта сынға түскен Ғалия Тынбаева финалда жапондық Вакана Когаға жол беріп, күміс медаль иеленген еді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: