Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2026 22:58 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнін бір медальмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының төрт дзюдошысы қола медаль үшін белдесті.

Алайда олардың тек біреуі ғана жүлдегерлер қатарына қосылды.

48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова нидерландтық Амбер Герсьестен жеңіліп қалды.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта қазақстандық дзюдошылар арасында өткен белдесуде Шерзод Давлатов командаласы Аман Бақытжанды жеңді.

Ал Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін өткен белдесуде испаниялық Адриан Чинарро Ниетодан жеңіліп қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: