ITA өмір бойына спорттан шеттетілген қазақстандық жаттықтырушыға қатысты шешімін өзгертті
Сурет: olympic.kz
Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) 2024 жылғы қарашада өмір бойына спорттан шеттетілген ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының экс-жаттықтырушысы Алексей Ниге қатысты шешімді өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттік жаза мерзімін 4 жыл деп қысқартты, деп жазды sportarena.kz.
Алексей Нидің жазасына қатысты шешім ұлттық құраманың 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда және 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаларда болған допинг жанжалына қатысты қабылданған.
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкеріне берілген жаза мерзімінің қысқарғанын Қазақстан ауыр атлетика федерациясы растады.
ІТА Алексейдің ғана емес, туған інісі Виктор Ниге де қатысты шешімін қайта қараған көрінеді. Ол да ұлттық құрамада аға жаттықтырушы болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript