Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға сәл жетпей тоқтады
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалынан тыс қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы оның үшінші айналымдағы қарсыласы жасөспірімдер арасында 18, сондай-ақ ATP рейтингісінде 1473-сатыдағы швециялық Виллиям Рихтман еді.
Матч тартысты өрбіп, бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басымдылық танытты.
Екіншісінде швециялық спортшы есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте тай-брейкте Рихтманның жолы болды – 7:6 (10:6).
Ойын екі сағат 34 минутқа созылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript