Қазақстандық жас теннисші Уимблдон турнирінің ширек финалында ойнайды

Қазақстандық жас теннисші Уимблдон турнирінің ширек финалында ойнайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 17:05 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында “Уимблдон” турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз жұптық сайыста ресейлік Егор Плешивцевпен бірге өнер көрсетуде.

Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Әмір Омарханов/Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг/үндістандық Криш Туягимен кездеседі.

Матч бүгін, 10 шілдеде Астана уақытымен шамамен 19:55-те өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: