Wimbledon junior: Әмір Омарханов пен Соня Жиенбаева ширек финалға шыға алмады

Әмір Омарханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2024 20:42 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Әмір Омарханов пен Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соня Жиенбаева 1/8 финалда жарыстың 1-ракеткасы словакиялық Рената Ямриховамен кездесті.

Ол қарсыласынан екі сетте 5:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Әмір Омарханов та ITF рейтингінде бірінші орында тұрған америкалық Кайлан Бигун шеберлік байқасты.

Алғашқы сетте Әмір жеңіске жеткенімен, кейінгі екі сетте қарсыласына есе жіберді. Есеп: 7:6, 0:6, 4:6.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: