Әмір Омарханов Уимблдонның үшінші айналымына өтті

Әмір Омарханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2024 20:12 Сурет: instagram.com/ktf.kz
Қазақстандық Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Уимблдон турнирінің екінші айналымындағы ойынын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әмір Омарханов бұл кезеңде Ұлыбритания теннисшісі Люк Хупермен кездесті. Ол қарсыласын 6:4, 5:7, 6:3 есебімен ұтты.

Енді қазақстандық жас теннисші үшінші айналымда жарыстың бірінші нөмірлі теннисшісі Кайлан Бигунмен кездеседі.

Қазақстандық тағы бір теннисші Соня Жиенбаева бүгін екінші айналымдағы матчын жалғастырады. Оның ойыны кеше жаңбырға байланысты кейінге қалдырылған еді. Ол жапониялық қарсыласын алғашқы сетте 6:3 есебімен ұтып, әзірше алда келе жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: