Әмір Омарханов Уимблдонның жартылай финалында сәтсіз өнер көрсетті

Теннис, Әмір Омарханов, Уимблдон, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2025 22:43 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен тізе қоса, Уимблдон-2025 жасөспірімдер турнирінің жұптық сынында жартылай финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалда Омарханов пен Плешивцев финляндиялық Оскари Палданиус пен поляк Алан Важныға қарсы ойнап, үш сет қорытындысы бойынша жеңіліс тапты. Есеп: 4:6, 6:4, 5:10.

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Осылайша, Әмір Омарханов пен Егор Плешивцев Уимблдондағы жарыс жолын аяқтады. Ал Оскари Палданиус пен Алан Важны финалға жолдама алып, келесі кезеңде Оливер Бондинг (Ұлыбритания) / Джаггер Лич (АҚШ) және Мик Роттгеринг / Хидде Шенмакерс (Нидерланд) жұбы арасындағы жеңімпазбен кездесетін болады.

Бұған дейін қазақстандық жас теннисшінің Уимблдон турнирінің ширек финалында өнер көрсететінін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: