16 жастағы Заңғар Нұрланұлы әлемнің 1-ракеткасымен бірге жаттықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, 16 жастағы Заңғар Нұрланұлы Аустралияның Мельбурн қаласында әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен бірге жаттықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 40-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Синнердің аустралиялық Алекс де Минормен ширек финалдағы ойынына дайындалуына жәрдемдесті.
Биыл жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатына қатысқан Заңғар жекелей сында екінші айналымға дейін жетті.
Сонымен қатар үндістандық Криш Тиаджимен бірге жұптық сында өнер көрсетіп, онда да бір ойынын жеңіспен аяқтады.
Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінде өнер көрсетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript