Екі қазақстандық спортшы фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Юлия Галышева, фристайл-могул, Әлем кубогы кезеңі, үздік ондық , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2025 16:40 Сурет: olympic.kz
Уотервиллде (АҚШ) фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі басталды. Турнир аясында могулшылар жекелей сында бақ сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комиетінің хабарлауынша, қазақстандықтардан ең үздік нәтижені Юлия Галышева көрсетті. Ол алтыншы орынға тұрақтады.

Анастасия Городко тоғызыншы орын алса, Аяулым Әмренова 26-орынмен сынды аяқтады.

Ерлер арасында Павел Колмаков қорытынды кестеде 21-орынға жайғасса, Антон Бондарев 39-орында, ал Федор Бугаков 43-ші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, 25 қаңтарда параллель могулдан жарыстар өтеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: