Сандуғаш Кенжебаева Түркияда қатарынан үшінші турнирде жеңіске жетті
Сурет: ktf.kz
25 қаңтарда Анталияда (Түркия) ITF W15 санатындағы турнир аяқталды. Сандуғаш Кенжебаева мен германиялық Жоэль Стойр финалда Асылжан Арыстанбекова/Дарья Шадчневаны 3:6, 6:4, 10:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz .
Бұл - Сандуғаштың жұптық сындағы үшінші жүлдесі. Осылайша, қазақстандық теннисшінің қоржынында жұптық сын бойынша бес ITF титулы бар.
Ертең жұптық сын бойынша жаңартылған WTA рейтингінде Сандуғаш 690-нан 578-орынға көтеріледі.
Сандуғаш Кенжебаева – ойыншылар резервін жинақтау үшін құрылған Kazakhstan Tennis Academy Team Kazakhstan командасының түлегі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript