Теннисші Анна Данилина Австрияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Линцте (Австрия) өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш жарыста Анна Данилина жұптық сында бақ сынауда.
1/8 финалда ол ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Анастасия Децюк/Мириам Колодзиева (Чехия) жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Келесі кезеңде ресейлік Анастасия Потапова/Яна Сизикова жұбымен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript