Абу-Даби турниріндегі Рыбакинаның жеңілісі сенсацияға баланды

Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 157-орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен шеберлік байқасып, оған жол беріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалдағы матч үш сет бойын өтті. Есеп: 6:3, 3:6, 4:6. Матч Бенчичтің пайдасына шешілді. Кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды.
Тартысты бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді. Бенчич 2 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Рыбакина өткен жылғы чемпиондық атағын қорғай алмады, рейтингтегі ұпайын да жоғалтты.
Енді Белинда Бенчич финалда әлемнің 51-ракеткасы, 20 жастағы америкалық Эшлин Крюгермен бас жүлдені сарапқа салады.
From Wild Card to Finalist 👏@BelindaBencic battles it out and defeats the defending champion 3-6, 6-3, 6-4.#MubadalaAbuDhabiOpen pic.twitter.com/dpGZzLqT8D
— wta (@WTA) February 7, 2025
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript