Елена Рыбакинаның Уимблдон-2025 турниріндегі үшінші матчы сенсациямен аяқталды

Елена Рыбакинаның Уимблдон-2025 турниріндегі үшінші матчы сенсациямен аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2025 19:41 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) Уимблдон-2025 турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина Дания өкілі Клара Таусонмен (22-орын) кездесіп, бұл жұпта айқын фаворит саналған. Алайда матч екі сетте аяқталып, 6:7, 3:6 есебімен қарсыласына жол берді.

Осылайша, Клара Таусон Уимблдонның 1/8 финалына шықса, ал Елена Рыбакина турнирді аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы армян теннисшісі Элина Аванесянды (49-орын) 6:2, 6:1 есебімен, ал грек теннисшісі Мария Саккариді (77-орын) 6:3, 6:1 есебімен жеңген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: