Азиада-2025: Қазақстан спортшылары 12 ақпанда қай спорт түрлерінен бақ сынайды
Сурет: ҚР ҰОК
ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 12 ақпанда жеті медаль жиынтығы ойнатылады. Төрт спорт түрінен Қазақстан өкілдері марапаттан үмітті.
Керлингтен ерлер құрамасы алдын-ала кезеңнің соңғы матчын өткізеді, жеңген жағдайда плей-оффқа шығады. Хоккейден қыздар командасы финалдық топтағы матчтарына кіріседі.
06:00. Керлинг. Әйелдер. Алдын ала кезең, алтыншы матч
Оңтүстік Корея — Қазақстан
Ангелина Эбауэр, Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колыхалова, Мерей Тастемір
07:00. Хоккей. Әйелдер. Финалдық раунд, А тобы
Қазақстан-Жапония
07:30. Ски-альпинизм. Аралас эстафета
Әсем Назыров, Нияз Жанұзақов. Финал сағат 08:40-қа жоспарланған.
08:00. Шаңғы жарысы. Әйелдер. Эстафета 4х5 км (классикалық және еркін стильдер)
Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина
10:00. Шаңғы жарысы. Ерлер. Эстафета 4х7, 5 км (классикалық және еркін стильдер)
Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин, Владислав Ковалев
10:30. Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер. Қысқа бағдарлама
София Самоделкина, София Фарафонова
11: 00. Керлинг. Ерлер. Алдын ала кезең, А тобы, төртінші матч
Қырғызстан — Қазақстан
Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсаинов, Арман Ержанов
15: 00. Мәнерлеп сырғанау. Мұз айдынындағы би
Гаухар Наурызов пен Бойсангур Датиевтің ерікті биі
16: 00. Керлинг. Әйелдер. Алдын ала кезең, жетінші матч
Қазақстан-Таиланд
Ангелина Эбауэр, Регина Эбауэр, Тилсимай Аллиярова, Екатерина Колихалова, Мерей Тастемір
Қазақстандықтардың қатысуынсыз өтетін медальдық жарыстардың кестесі:
07:10. Фристайл. Биг-эйр. Әйелдер мен ерлер. Финал сағат 08:14 және 08:26-ға жоспарланған.
16:30. Мәнерлеп сырғанау. Спорттық жұптар. Еркін бағдарлама
Айта кетсек, IX қысқы Азиада: 11 ақпандағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль бар.